«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦОИНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Инвестор болу

Құқықтық және нормативтік база


Қазақстан Республикасының Іскерлік кодексінде Қазақстандағы инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін түрлі кепілдіктерді ұсыну қарастырылған.

  • Толығырақ ақпарат www.adilet.zan.kz
  • • Инвестор құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады.

  • • Инвесторларға коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпараттардан басқа, заңды тұлғаларды, олардың жарғыларын, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ берілген лицензиялар туралы ақпараттар қол жетімді болып табылады.

  • • Инвестордың мүлкін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп тәркілеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айрықша жағдайларда ғана жол беріледі. Ұлттандырылған жағдайда, инвестордың мемлекет меншігіне алу туралы заңнамалық актілерді жариялау нәтижесінде келтірілген шығындар толығымен өтеледі. Инвестордың мүлкін реквизициялау оған мүліктің нарықтық құнын толық өтеу арқылы жүзеге асырылады.

  • • Заңнаманы өзгерту кезінде тұрақтылық кепілдігі. Қазақстан Республикасының Іскерлік кодексінің 289-бабына сәйкес инвестициялық артықшылықты жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар және инвестициялық стратегиялық жобалар: Қазақстан Республикасының Кодексіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» сәйкес салық заңнамасын өзгерту кезінде тұрақтылыққа кепілдік береді.

  • • Тараптар келісімі бойынша өзгертулерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар шарттарының тұрақтылығына кепілдік береді.

  • • Толығырақ ақпарат www.adilet.zan.kz

Кодекстер мен заңдармен оқып шығу үшін, оларды осы сайттан жүктей аласыз:

ЖОБАНЫ ҚОЛДАУ
СЕРІКТЕСТЕР