«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Оңтүстік Қазақстан – балық шаруашылығын дамытуға өте оңды аймақ
28/11/2017
Оңтүстік Қазақстан – балық шаруашылығын дамытуға өте оңды аймақ

«Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ Оңтүстік Қазақстан аймағында балық шаруашылығын дамытуға көмектесуді жоспарлап отыр. Біздің облысымызда таңдаулы балықтарды өсіруде және айыруда ең қолайлы жағдай жасалған, балық шаруашылығының даму болашағын талқалау мақсатында «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ-на «КазРыбХоз» республикалық балық шаруашылығы қауымдастығының ғылым және аквамәдениет бойынша басқарма төрағасының орынбасары Серік Темірханов шақырылды.

С. Темірхановтың айтуы бойынша, Оңтүстік Қазақстан  - балық өсіруге ең қолайлы аймақ. Тек 2016 жылы ғана біздің облыстың балық шаруашылығы 400 тонна сазан балығын жүзеге асырды. Бұл саланы қымбат тұратын балық түрін өсіру арқылы ойдағыдай дамытуға болады. Мысалы, Шардара су қоймасында тұқы балығын өсіру үшін жақсы жағдай жасалған, облыстың көптеген су объектілері мен өзендері форельді өсіруге жарамды, Сарыағаш ауданындағы жерасты сулары -  теляпии балықтарын өсіруге арналған.

Кездесудің қатысушылары осы салада қандай қауіп-қатерлер бар екеніне қызығушылық танытты. С. Темірханов балықтарға жақсы қараса, қауіп аз екеніне сендірді. Аталған салаға мемлекеттің қолдауымен және инвестициялар тарту барысында балық шаруашылығын дамытуда халықаралық тәжірибені есепке алумен айтарлықтай табыс әкеледі. «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысында аквакультура саласындағы жобаларды әзірлеуді жоспарлап отыр.