«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦОИНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Шымкент қаласында көп қабатты «Астана» тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілуінің таныстыру рәсімі өтеді.
30/11/2017
Шымкент қаласында көп қабатты «Астана» тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілуінің таныстыру рәсімі өтеді.

Шымкент қаласында көп қабатты «Астана» тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілуінің таныстыру рәсімі өтеді. «Астана» кешені – бұл қаланың әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан, Астана даңғылындағы тоғыз қабатты 4 тұрғын үй. Жобаның жалпы құны - 2,75 млрд. теңгені құрады.  Пәтерлердің жалпы ауданы - 14776,6 ш.м.

Тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент»  ӘКК»  ҰК АҚ  құрылысқа 1,2 млрд. теңге инвестиция салған инвестор «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-ны  тартты. Осы жобаға «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ қаражатының үлесі - 1, 56 млрд. теңгені құрады. Жоба 2015 жылы іске қосылды. Құрылыс кезінде 300-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.

Бүгінде 2 блок (96 пәтер) іске қосылды, қалған 2 блок 2018 жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. «Астана» тұрғын үй кешені екінші классқа жатады - бір тұрғынға 25 ш.м. жеке кеңістікті есептеу арқылы салынған сәнді апартаменттер. Бұл үйдегі төбелердің биіктігі 3 метрге жетеді. Әр пәтерде 1-ден 6-ға дейін бөлмелер бар, ас үй - кемінде 12 шаршыны құрайды. II класты жайлылықты тұрғын үйінде  тұру жағдайлары мен инновациялық технологиялар үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген. Әрлеу сапалы және қымбат материалдардан жасалған, мысалы еденге арналған жоғары сапалы ламинат, ас үйде және жуынатын бөлмелердің қабырғасында қыш тақташа және т.б. «Астана» ТК көпқабатты ғимараттары Шымкенттің әкімшілік орталығына лайықты әшекейі болады.

          «Өз үйім» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан пәтерлерді сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін. «Өз үйім» бағдарламасының басты артықшылығы - бір шаршы метрге төмен баға, валюта бағамына тәуелсіздік және тұрғын үйді сатып алуға ерекше жағдайлардың болмауы.