«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦОИНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры
15/01/2018
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры 2017 жылы «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ тұрақтандыру қоры 851,8 млн. теңгеге 6,5 мың тонна өнім сатып алды. Оның ішінде 3 мың тонна картоп, 1 000 тонна пияз, 1200 тонна сәбіз, 30 тонна макарон өнімдері, 70 тонна күріш, 200 тонна ет, 1000 тонна қант. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қоры дер кезінде ашылды. Бүгінгі күні осы қордан сомасы 52 293 195 млн. теңге болатын 672667 кг өнім сатылды.
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қоры шамамен 2500 тонна азық-түлік тауарларын сақтайтын, көлемі 4 000 шаршы метрден асатын қоймаларды жалға алуда. 2017 жылдан бастап тұрақтандыру қорының барлық өнімдері тауар өндірушілерге оларды сақтау бойынша міндеттер қою арқылы сауда биржалары арқылы сатып алынады. Бұл механизм өнімдерге зиян келтіру қаупін жоққа шығарады. Тұрақтандыру қорының қоймалары барлық заманауи талаптарға жауап береді.
Шымкент қаласында тұрақтандыру қорының өнімдерін «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы «Оңтүстік» Азық-түлік компаниясы ЖШС-нан келесі бағалар бойынша сатып алуға болады: картоп – 85 теңге, сәбіз - 80 теңге, пияз – 50 теңге, ал сиыр еті – 1390 тг/кг.
Өнімдер келесі базарларда және сауда желілерінде сатылады:
1 «Автонұр» базары «Автонұр» базары, негізгі кіреберісіне қарама-қарсы
2 «Жібек жолы» базары «Жібек жолы» базарының ішінде
3 «Самал» базары «Самал» базарына қарама-қарсы
4 «Алаш» базары «Алаш» базарының артқы кіреберістің жанында
5 «Қырғыз» базары «Верхний» базарының негізгі кіреберісіне жанында
6 «Қазыбек» базары «Қазыбек» базарының ішінде
7 «Барс» базары «Барс»базарындағы басты кіреберістің жанында
8 18 ықшам ауданы Евразия базарына қарама-қарсы «Галерея» сауда үйінің жанында
9 «Фиркан CITY» сауда орталығы Тәуке хан даңғылы
10 Фиркан «Плаза» әл-Фараби даңғылы «Shymkent Plaza» сауда орталығының ішінде
11 Фиркан «Народный» Қапал батыр көшесі, 4А
12 Фиркан ехspress Республика даңғылы, 42 Шымкенттің апталық жәрмеңкесінде: Асель базарының жанында («Евразия» қасында), сенбі күндері Қажымұқан орталық стадионы жанында, жексенбі күндері - «Рахима плаза» сауда үйі жанында.