«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ ауыл тұрғындарына сиыр сатып алу арқылы олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беруде
09/01/2018
«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ ауыл тұрғындарына сиыр сатып алу арқылы олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беруде

2017 жылы «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ сауынды сиырлар санын арттыру бағдарламасына бастама болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында сүт өндіру және жинау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның мәнімынада, әрбір жергілікті тұрғын өзінің жеке шаруашылығынан шықпай-ақ ақша табуы мүмкін.

«Қарабұлақ сүті» ауылдық өндірістік кооперативі 42 млн. Теңгеге 120 ірі қара мал сатып алды. Ең бейімделген және өнімді сиырлардың әрқайсысы 350 000 теңгеден таңдап алынды, бұл да осы жобаның артықшылығы болып табылады. «Карабұлақ сүті» кооперативіне қосылған кез-келген шаруа сиыр ала алады, сосын несиені сүтпен қайтара алады. Әрбір фермер қанша мал сақтай алады, сонша қабылдай алады. Сонымен қатар, сиырдың ұрпақтары - фермерлердің меншігі болып табылады. Осылайша, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ бірнеше жылдан бері 10 000 сиырға дейін таратады. Мұндай мөлшерде сиырдың шетелден әкелінуі жоспарлануда, бұл елдегі малдың жалпы санын көбейтеді. Бүгінгі таңда кооперативке 30-дан астам адам қосылды. Сүт және басқа да мал өнімдері үнемі сұранысқа ие болады, сондықтан жобаның экономикалық жетістіктері қамтамасыз етіледі.