«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Компания жайлы

Біз туралы

«Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы »Ұлттық компаниясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында 2011 жылы құрылды. Компания Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 170 Қаулысына сәйкес 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған.

«Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы - оған берілген мемлекеттік активтерді(жер учаскелері, жер қойнауын пайдалану құқығы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысандары) басқаратын коммерциялық ұйым. Оларды тиімді пайдалану нәтижесінде алынған табыс, коммерциялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс.

«Шымкент» ӘКК» активтерінде 16 заңды тұлға бар, оның ішінде: Қоғамның 100% қатысуымен құрылған 8 компания, Қоғамның қатысуы 100%- дан аз -7 компания , сенімгерлік басқару құқығында -1 компания, аумағы 41,4 мың гектар болатын жер ресурстары бар. ӘКК қызметінің құрылымы жобаларды тиімді іске асыруды және инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Шымкент» ӘКК» мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлкерлік арасындағы байланыс құруда маңызды рөл атқарады. Ұйым мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру. Корпорацияның базасында "Ontustik Invest" инвесторларға қызмет көрсету департаменті құрылды.
  • тұрғын үй құрылысын дамыту;
  • азық-түлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру;
  • екінші санатты энергия ресурстарын дамыту;
  • пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу;
  • ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жобалар және т.б

«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ 12 еншілес және тәуелді ұйымдардан тұрады, олардың бесеуіне «Шымкент» ӘКК 100% қатысады. Бұл компаниялар:

  • ЖШС «Транспортно-логистическая зона» Басқару компаниясы»
  • ТОО «Управляющая компания индустриальными зонами «Оңтүстік»
  • ОО «Оңтүстік азык-түлік компаниясы», а также на доверительном управлении
  • АҚ «Оңтүстік» арнайы экономикалық зонаны Басқару компаниясы.

Міндеті

«Шымкент» ӘКК- ның міндеті - мемлекет пен кәсіпкерліктің серіктестік қағидасы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау.

Корпорация қызметінің негізгі принциптері:

  • Жеке сектормен серіктестік: Корпорация жеке сектормен қамтылған немесе жартылай қамтылмаған экономикалық секторларында жұмыс атқарады, бизнесті дамытуға ынталандырып, онымен бәсекеге түспей, керісінше оның өсуіне жағдай жасайды.
  • Белсенді инвестициялық басқару: Корпорация портфельдік инвесторлармен салыстырғанда белсенді қатысушының (қатысушыны) рөлін атқаруға талпынады, бұл кәсіпті дамытудың негізгі шешімдеріне бастама болады.
  • Активті шығындарды басқару: Корпорация өз қызметтерін орындау кезінде шығындарды барынша азайту саясатын жүргізеді.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Әлеуметтік жауапкершілік принципін іске асыру мақсатында, Корпорация дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционердің шешімі бойынша таза кірістің бір бөлігін жергілікті бюджетке бағыттауды жоспарлайды.
  • Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау мақсатында, басқа қатысушыларымен серіктестік: Корпорация қайталаманы болдырмау үшін қаржылық және қаржылық емес даму институттарымен, мемлекеттік қатысудағы компаниялармен, екінші деңгейдегі банктермен келісімге келе отыра біріге отырып жұмыс істейді.

Стратегия

Компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2014-2023 жылдарға арналған «Шымкент» ӘКК- ның даму Стратегиясына» сәйкес әрекет етеді:

  • өңірдің артықшылық секторларын дамыту (өсу нүктелері);
  • инвестицияларды тарту және жаңа өндірістер құру;
  • салалық республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру;
  • активтер құнын өсіру.

Даму стратегиясы бизнестің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық көрсеткіштерді анықтайтын негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Даму стратегиясы

Құрылымы


Структура СПК

«Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамы


  • Туймебаев Жансеит Кансеитович - Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

  • Ахметов Даурен Шакирбаевич - Оңтүстік Қазақстан облыс маслихатының Депутаты, «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС – нің директоры, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі;

  • Тасыбаев Абдрахман Батырбекович - ММ «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» басшысы, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі.

  • Құрмансеит Батырхан Құрмансеитұлы - ММ «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы» басшысы, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі;

  • Жалгасбаев Темиржан Маратулы - «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі

  • Жузенов Касымхан Бегимшеевич - «Сұңқар» ЖШС директоры, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

  • Куанышбеков Бауыржан Шераханович - «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

  • Есенкулов Ардақ Жургенович - « Компания Ахмет» ЖШС- нің директоры, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

  • Битемиров Дәурен Мұхтарұлы - «Зерде Строй» ЖШС- нің атқарушы директоры, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Басшылық


«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Басқарманың төрағасы

Алдажаров Айтмұхамед Тұрарбекұлы


Халықаралық бизнес мектебі және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. Әр түрлі жылдар ішінде ол ірі көпсалалық холдингтік компанияларында, «ҚазМұнайГаз» АҚ БӨ , «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, Тұран Әлем Банкі (ТӘБ) ЖАҚ еншілес ұйымдарында басшы лауазымдарын атқарған. «Астанаэнергосбыт» ЖШС – ның Бақылау Кеңесінің Төрағасы , «Орал Халықаралық әуежайы» ЖШС- нің , Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Озенмұнайгаз» АҚ- ның, «Эмбамұнайгаз» АҚ- ның Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директоры), сонымен қатар, «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланған. 2017 жылдың ақпанынан бастап «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ - ның басқарма басшысы және Директорлар Кеңесінің мүшесі етіп тағайындалды.



«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ - ның Басқармасы Төрағасының Орынбасары

Мирзамуратов Маратбек Ахмеджанович


Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында бастаған. Әр жылдары ол Астана, Ақтөбе облысы прокуратураларында және Бас прокуратурада басшылық және басқада лауазымдарды атқарған. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына ( Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) қарасты Соттардың әрекетін қамтамасыз ету департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас кеңесшісі болып қызмет атқарған . 2017 жылдың ақпанынан бастап «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып қызмет атқарды.



«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ - ның Басқармасының Төрағасының Орынбасары

Тулакбаев Асет Ертаевич


Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын және Халықаралық Бизнес Мектебін бітірген. Әр жылдарда «Қазкоммерцбанк» ААҚ, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстандық холдингі, «Казаэронавигация» РМК және «Қазақстан отын-энергетикалық кешені» ЖШС -де басшылық қызметтерін атқарған. 2017 жылғы наурыздан бастап «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ- ның Басқарма мүшесі болып табылады.